Кездесу

Без рубрики
Бөлісу

12.05-13.05.2021 күндері С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Бекжанов Аян Жанарұлы КҚПБ тәрбие жұмысы, студенттерді әлеуметтік қолдау және мәдени-шығармашылық жобаларды іске асыру бөлімінің басшысы, Тлеубек Нуридин Талғатұлы КҚПБ тәрбие жұмысы, студенттерді әлеуметтік қолдау және мәдени-шығармашылық жобаларды іске асыру бөлімінің маманы, Кудайбергенов Диас Бауырджанұлы 4 курс белсенді студенті Кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізуді жоспарлау мақсатында Жамбыл жоғары медициналық колледжі директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л.Т.Қуанышбековамен кездесті. Кездесу барысында екі тарап пікір алмасып, тәжірибе бөлімінің әдіскері Артықова Лескүл Алтынханқызы мен С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ мамандарымен бірлесе Жамбыл жоғары медициналық колледжінің 4 курс бітіруші топтарына және Тараз қаласының жалпы 8 орта мектебінің 9-11 сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмыстарын ұйымдастырды. Оқушыларға университет және колледжде оқытылатын мамандықтар, оқу үрдісінің ерекшеліктері мен мүмкіндіктері, оқуға түсу талаптары таныстырылып, бейнероликтер көрсетілді, ақпараттық брошюралар таратылды.