Кездесу

Без рубрики
Бөлісу

27.04.2023 ж. күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Илебаев Лесбек Құралбайұлы Жамбыл жоғары медициналық колледжі студенттерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында мемлекеттік қызметтің маңыздылығы мен қажеттілігі, мемлекеттік сектордың басқару әлеуеті және «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы» Заңына енгізілген өзгерістер жайлы айтылды. Студенттер Лесбек Құралбайұлына мемлекеттік қызмет көрсету саласы бойынша өз көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, жауап алды.
Лесбек Құралбайұлы колледждің материалдық-техникалық базасымен, интерактивті заманауи оқу құралдарымен танысып, жоғары баға беріп кетті.