Кездесу

Бөлісу

31.08.2023 ж. күні Жамбыл жоғары медициналық колледжі мәжіліс залында Президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясы Жамбыл облыстық филиалының профессоры Ахметов Бекмұхан Жұмаханұлы колледж жастарымен кездесіп, Президенттік жастар кадр резерві бойынша академия жұмысымен таныстырды. Онда 35 жасқа дейінгі қазақстандық жоғары білімді азаматтардың мемлекеттік басқару қызметіне резервке тұру жолдары мен қатысушыларға қойылатын талаптарды атап өтті. Колледж жастары өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, академия мектебінің жұмысына қызығушылық білдірді.