Кездесу

Бөлісу

25.09.2023ж. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Илебаев Лесбек Құралбайұлы Жамбыл жоғары медициналық колледжінің бітіруші 4 курс студенттерімен кездесу өткізді.
Кездесу мақсаты-мемлекеттік қызметке іріктеуге қатысу үшін белсенді, озық және талантты жастарды тарту болып табылады.
Аталған әдістемелік ұсынымдар негізінде мемлекеттік секторға таланттар пулын қалыптастыру тәртібін айқындап іріктеу жүргізілетіндігі хабардар етілді. Өтінімдер 2023 жылдың 1-31 қазаны аралығында қабылданады.