20.11.2025 ж. Жамбыл жоғары медициналық колледждінде «Кімде-кімнің әділдігі жоқ болса, оның ұяты да жоқ» тақырыбында жемқорлыққа қарсы психологиялық тренинг өтті. Бұл тренинг студенттердің адалдыққа бағытталған ойын қалыптастыруға, әділ шешім қабылдау дағдыларын дамытуға және жемқорлыққа қарсы иммунитетті нығайтуға ықпал жасады. Студенттер адалдық, әділдік, жауапкершілік және құқықтық мәдениет туралы маңызды ойларымен бөлісіп, белсенді қатысып, өз ойларын ашық білдірді.
Адал болашақ – әркімнің өз қолында!
Жауапты: колледж психологы К.Сүйінбекұлы

