«Кітапханашы – демек креативті»

Без рубрики
Бөлісу

24.10.2023 ж. күні Жамбыл жоғары медициналық колледжінің кітапханасында «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында 24 қазан – кітапханашы күні мерекесіне орай «Кітапханашы – демек креативті» тақырыбында студенттермен өзін-өзі басқару күні өтті. Колледждің оқуға құштар 1 курс студенттері кітапханашыларды мерекемен құттықтап, кітапханаға кітаптар сыйлады. 118, 123 топ студенттері кітапханашы болып оқырмандарға керек кітаптарын тауып беріп, күнделік толтырып, газет-журнал нөмірлерін тіркеп, электронды оқулықтарды ашып беріп қызмет атқарды. Мақсаты: кітапханадағы өзін-өзі басқару жұмысын жандандыру, студенттердің ұйымдастырушылық, көшбасшылық қасиеттерін ашу.

 

https://www.instagram.com/reel/Cy5LctuMgeI/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=MzRlODBiNWFlZA==