Іс-шаралар

30.11.2017ж. Азаматтық-патриоттық, құқықтық тәрбие бағыт бойынша «Ел басы – ел тірегі» атты ашық бөлімшілік іс-шара өтті, мақсаты: студенттердің ҚР бірінші Президенті Н.Ә.Назарбаев туралы, яғни мемлекеттің тұрақтылық кепілі заманауи атақты саясатттанушысы, тәуелсіздікті қалыптастырушысының атқаратын қызметі туралы білімдерін тереңдету.
114 топ «Емдеу ісі» бөлім меңгерушісі: Калымбетова Ж.Б. куратор: Мальцева К.А.

     


02.03.2016 ж. Жамбыл медициналық колледжінің 80 жылдық мерейтой аясында ағылшын пәнінің оқытушысы А.Э.Ақпанова кәсіби шет тілі пәнінен «English in Medicine» тақырыбында ІІ курс «Емдеу ісі», «Акушерлік іс» бөлімінің студенттері арасында викториналық байқау өткізілді. Байқау өз мақсатына жетті.

 

 

 

 

 

 

 


26.02.2016ж. Жыр алыбы Ж.Жабаевтың туылғанына 170 жыл толуына арналған «Жыр жазамын елім үшін» атты қалалық жас ақындар мүшәйрасына «Емдеу ісі» бөлімінің 213 топ білімгері А.Қосақова қатысып, ІІІ дәрежелі Дипломмен марапатталды. Жетекшісі: қазақ тілі пәнінің оқытушысы Ә.Т.Мәдімарова.

 

 

 

 

 

 


21.02.2016ж. Халықаралық ана тілі күніне орай ұйымдастырылған «Үш тіл білетін ұрпаққа үміт мол» атты қалалық байқауда 307 топ білімгері М.Забирова қазақ, орыс, ағылшын тілінде білімін көрсетіп, ІІ орынға ие болып, Дипломмен марапатталды. Жетекшілері: қазақ тілі пәнінің оқытушысы Д.М.Жунисова, ағылшын пәнінің оқытушысы Н.Кенбаева.

 

 

 

 

 

 

 


20.02.2016 ж. «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыруымен Жуалы ауданында «Тәуелсіз елдің болашағы-Жастар» тақырыбында облыстық Жайдарман сайысына Жамбыл медициналық колледжінің «МедФак» жайдарман тобы қатысып, жүлделі ІІ орынды жеңіп алып, кубокпен және бағалы сыйлықпен оралды.

 

 

 

 

 

 

 

 


12.02.2016ж. Студенттердің білімдерін қоғамдық орта және кәсіптік ұйымдарда байланыстыруы арқылы жүзеге асыруын арттыру, математикалық, физикалық, информатикалық есептеулерде практикалық іс – әрекеттерде қолдана білу мақсатында №1, №3 Жалпы білім беру және жаратылыстану ғылыми пәндер ЦӘК оқытушыларының ұйымдастыруымен «МИФ – әлеміне саяхат» тақырыбында I курс «Емдеу ісі», «Медбикелік іс» бөлімдерінің студенттері арасында математика, информатика, физика пәндері бойынша колледжішілік байқау өткізілді. Байқауда «Жас өркен» тобы І орынға, «Тапқырлар» тобы ІІ орынға, «Үздіктер» тобы ІІІ орынға ие болып, Мақтау қағазбен марапатталды.

 

 

 

 

 

 

 


2015-2016 оқу жылында аттестаттаудан өткен оқытушылардың
Шығармашылық есептері

27.01.2016 ж. Шығармашылық – бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Осы орайда колледжімізде жоғары санатқа өтетін оқытушылар төмендегі тақырыптарда шығармашылық есеп берді:

  1. Жалпы гигиена пәнінің оқытушысы Ж.Р.Алтынбекова-«Теориялық сабақтарда оқытудың дамыту технологияларын қолдану»;
  2. Дене шынықтыру пәнінің оқытушысы М.Қ.Айнакулов – «Дене шынықтыру сабағында жаңа технологияларды пайдалану»
  3. Тарих пәнінің оқытушысы Ж.Н.Айдабосынова – «Тарих сабағында сын тұрғысыннан ойлау технологиясының элеметтерін пайдалану арқылы студенттердің қызығушылығын ояту, шығармашылық қабілетін дамыту»
  4. Орыс тілі мен әдебиет пәнінің оқытушысы К.Ж.Байбосынова – «Использование информационных технологий для активизации познавательной деятельности студентов на уроках русского языка и литературы»
  5. Орыс тілі мен әдебиет пәнінің оқытушысы Э.Б.Бердалиева – «Использование интерактивных методов обучения на уроках русского языка и литературы»
  6. Қазақ тілі пәнінің оқытушысы Д.М.Жунисова – «Қазақ тілі сабағында оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту»;
  7. Химия пәнінің оқытушысы Б.А.Сағындықова – «Заманауи технологияның білім сапасын арттырудағы маңызы»;
  8. Физика және математика пәнінің оқытушысы Д.Н.Токсанбаева – «Применение интерактивных методов обучения на уроках математики для воспитания интереса к предмету»;

 

 

 

 

 

 

 


«Әдеби кеш»

09.12.2015 ж.№1 Жалпы білім беру және жалпы ізгілендіру пәндері ЦӘК оқытушыларының ұйымдастыруымен колледж түлегі, Қазақстан халқының көрнекті қайраткері, ақын Күләш Ахметованың шығармашылына байланысты «Диалог поэта и земли» атты әдеби кеші І-ІІІ курс студенттерімен өткізілді.

 

 

 

 

 

 

 

 


«Мәнерлеп оқу байқауы»

5.12.2015 ж. №1 Жалпы білім беру және жалпы ізгілендіру пәндері ЦӘК оқытушылары Б.А.Малдыбаева, А.О.Бейсенбаеваның ұйымдастыруымен «Менің Отаным – Қазақстан» атты мәнерлеп оқу байқауы өтті. Байқауда 1 орынға 106 топ студенті Д.Сметова ие болса, 2 орынды – 215 топ студенті Д.Балтабай, 3 орынды – 304 топ студенті Ш.Махамбетова иеленді.

 

 

 

 

 

 

 


Облыстық пікірсайыс турнирі

01.12.2015 ж. 1-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті қабырғасында «Еркін пікір» ЖҚБ ұйымдастыруымен «ТИГУ ректорының кубогі-2015» облыстық пікірсайыс турниріне 205 топ студенті Е.Серікұлы, 101 топ студенті Е. Қыпшақбаев қатысып, жүлделі ІІІ орынды иеленді, 104 топ студенті А.Сабырхан, 115 топ студенті Ж.Абдраимова Алғыс хатпен марапатталды.

 

 

 

 

 

 

 


Қалалық байқаулар

13.11.2015 ж. «Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шебері» атты қалалық байқауына белсене қатысқаны үшін 106 топ студенті Д.Сметова Алғыс хатпен марапатталды. Жетекшісі: қазақ тілі пәнінің оқытушысы А.А.Сапарбаева

9.11.2015 ж. «Тіл-парасат» қалалық байқауында ІІ орынды иеленгені үшін 120 топ студенті Ю.Попова Дипломмен марапатталды . Жетекшісі: қазақ тілі пәнінің оқытушысы Абдалимова З.И.

 

 

 

 

 

 


Әдістемелік көрме

04.11.2015 ж. №2 Жалпы білім беру және жаратылыстану ғылыми пәндері ЦӘК ұйымдастыруымен Жамбыл медициналық колледжінің 80 жылдық мерейтой аясында «Заманауи технологияларды химия және биология пәндерінде тиімді пайдалану» тақырыбында әдістемелік көрме өткізілді.