Коконбаева Айдана Каныбековна

Оқу-әдістемелік бөлімі
Бөлісу

Коконбаева Айдана Қаныбековна – колледж әдіскері.

Ол 1989 жылы дүниеге келген. 2007–2011 жылдар аралығында С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін тәмамдаған.

2016–2017 жылдары «Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі» Қазақстандық медицина университетінде «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған.

Еңбек жолын 2011–2014 жылдары Алматы қаласындағы №14 қалалық емханада учаскелік мейірбике қызметінен бастаған. 2014–2016 жылдары Республикалық электронды денсаулық сақтау орталығында статист болып жұмыс істеген.

2018 жылдан бастап Жамбыл жоғары медициналық колледжінде «Ішкі аурулар пропедевтикасы» пәнінің оқытушысы қызметін атқарып келеді. 2019–2020 оқу жылдары №1 арнайы пәндер циклдық әдістемелік комиссиясының төрайымы болған. 2021 жылдан бері әдістемелік кабинетте әдіскер қызметін атқаруда.

Жалпы еңбек өтілі – 14 жыл, педагогикалық еңбек өтілі – 10 жыл. Педагог-эксперт біліктілік санатындағы арнайы пән оқытушысы.

  • 2022 жылы Облыстық денсаулық сақтау саласына қосқан қомақты үлесі және 1 мамыр – Халықаралық мейіргер күніне орай Жамбыл облысы әкімінің Алғыс хатпен марапатталды.
  • 2023 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай денсаулық сақтау саласындағы адал еңбегі мен кәсіподақ қозғалысының нығаюына қосқан үлесі үшін «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлердің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Құрмет грамотасымен марапатталған.
  • 2024 жылы Кәсіби мереке –Медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттай отырып, Орта буын медициналық қызметкерлерге сапалы білім мен тәрбие берудегі қосқан қомақты үлесі мен жемісті еңбегі үшін Алғыс хатпен марапатталды.
  • 2025 жылы Колледж директоры Ж.Н.Сарыбекова және «Мейіргер ісі» мамандығы ОӘБ төрағасы Ғ.Н. Бимурзаевтың Жамбыл жоғары медициналық колледжінің 90 жылдық мерейтойына орай №3 арнайы пәндер циклдық әдістемелік комиссиясының ұйымдастыруымен өткізілген «Мейіргерлік технологиялар»  пәнінен «Үздік бейнесабақ және презентация» республикалық байқауына белсенді қатысқаны үшін Алғыс хатпен марапатталды.