Колледж жатақханасында «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» ғашықтар күніне орай ерекше акустикалық кеш ұйымдастырылды.

Бөлісу

17.04.2025ж. күні колледж жатақханасында “Қозы Көрпеш – Баян сұлу” ғашықтар күніне орай ерекше акустикалық кеш ұйымдастырылды.

Кеш барысында студенттер арасында түрлі ойындар ойнатылып, би биленіп, әсерлі әндер шырқалып, көркем поэзия оқылды. Іс-шараға белсене қатысқан жастар өз өнерлерін ортаға салып, кешті жарқын әрі есте қаларлық сәттерге толтырды.

Бұл кеш – шығармашылық пен шынайы көңілдің тоғысқан, жылы жүздесу алаңына айналды.