Колледж жетістіктері

 

Колледж жетістіктері 2025 жыл

8-9 қазан 2025 жылы Талдықорған қаласында «Талдықорған жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ КМК базасында «MedskillsZhetysu – 2025» халықаралық қатысуымен Республикалық чемпионаты өтті. Талдықоған жоғары медициналық колледжінде Қазақстанның 18 өңірінен үздіктер бас қосып, бақ сынады. Бұл чемпионатта – білім мен біліктіліктің, шапшаңдық пен тәжірибенің тартысы болды, әр қатысушы өз кәсіби дағдыларын шынайы жағдайда көрсетті. Жамбыл жоғары медициналық колледжінен 405 топ студенті Марат Әдемі қатысып, чемпионатта жоғары нәтижеге қол жеткізіп, кәсіби біліктілігі мен тәжірибесін көрсетіп, бірінші вице-министр  Т. Сұлтанғазиевтың II дәрежелі  дипломымен марапатталды.

 

 

 

Колледж жетістіктері 2024 жыл

Жүргізілген талдауға сәйкес ұйым ЭҚЖЖ 85322 «Орта арнаулы білім беру» бөлінісінде Елдің сенімді және әлеуметтік маңызы бар кәсіпорындарының тізіліміне енгізілгенін, ел экономикасының дамуына қосқан елеулі үлесі, жұмыс тиімділігі мен жоғары іскерлік беделі үшін «САЛА ИГІЛІГІ 2024» атағын иеленді.

 

22.05.2024 жылы Жетісу облысы Талдықорған қаласында «Медициналық және әлеуметтік күтім» құзыреттілігі бойынша «Worldskills Zhetysu – 2024»Өңірлік кәсіби шеберлік чемпионаты өткізілді. Чемпионатты ШЖҚ «Талдықорған жоғары медициналық колледжі  МКК Жетісу облысының білім басқармасымен бірлесіп ұйымдастырды.

Чемпионатқа Қазақстан Республикасының 5 медициналық колледжінің, сондай-ақ Қырғыз Республикасының ОшМУ жанындағы медициналық колледжінің студенті қатысты.

Өңірлік чемпионатта Жамбыл облысының атынан «Жамбыл жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ КМК «Жалпы тәжірибедегі мейіргер» біліктілігі,»Мейіргер ісі» мамандығының 410 МІ-9/20 тобының студенті – Данабекова Адиля Саматовна қатысты. Барлық берілген модульдер бойынша жоғары нәтижелерді көрсете отырып, әділ жүлделі 1 орынға ие болды.

 

 

 

Колледж жетістіктері 2023 жыл

      Аттестация:

   20.01.2023 жылғы ҚР денсаулық сақтау министрлігінің № 46  Денсаулық сақтау саласындағы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының  Мемлекеттік аттестаттау нәтижелері туралы бұйрығы

 

Аккредитация:

02.02.2023ж. Жамбыл жоғары медициналық колледжі  медициналық колледждерді институционалды  аккредиттеу стандарттарына сәйкестігі расталып, №IA 00052 халықаралық аккредиттеу куәлігіне ие болды. Куәліктің әрекет ету кезеңі 02.02.2023ж. – 01.02.2028ж.

 

Ұлттық бизнес-рейтинг  көшбасшысының Куәлігі.

Қазақстан Республикасының экономикасы мен саласын дамытуға қосқан үлесі үшін Жамбыл облысы әкімдігі  денсаулық сақтау басқармасының

«Жамбыл жоғары  медициналық колледжі» ШЖҚ КМК

«ЛИДЕР ОТРАСЛИ »

 құрметті атағымен  марапатталды.

 Рейтинг қорытындысы бойынша Ұйым Қазақстан Республикасының үздік

100 мемлекеттік кәсіпорнының қатарына енді.

 

 

«Жамбыл жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ КМК Тауарлар мен қызметтер сапасының ұлттық рейтингі критерийлері бойынша Қазақстанның шаруашылық жүргізуші субъектілерінің толық тізбесіне рейтинг жүргізу нәтижесінде қаржылық-экономикалық көрсеткіштер бойынша «Қазақстанның үздік кәсіпорны» құрметті атағына ие болды.

 

“SUNQAR” волонтерлық қозғалысына қосқан елеулі үлесі мен қоғамдық іс шараларға белсене қатысқаны үшін “ҮЗДІК СЕРІКТЕС” номинациясын Жамбыл жоғары медициналық колледжі марапатталды.

 

 

 

Жамбыл облысы Қазақстан студенттерінің Альянсы ұйымына қосқан нақты үлесі үшін және “ҮЗДІК СЕРІКТЕС” номинациясымен Жамбыл жоғары медициналық колледжі марапатталды.

                                                                                     

«Ахмет Байтұрсынұлы – тіл мұрасы» атты Республикалық байқауының ұйымдастырылуы бойынша ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің алғыс хаты

Колледж жетістіктері 2022 жыл

     «Жамбыл жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ КМК Ұлттық бизнес рейтингі бойынша «Сала көшбасшысы» атағына ие болды-2017, 2018, 2019, 2020, 2021, 2022″ мемлекеттік кәсіпорындар арасында Қазақстанның экономикасы мен кәсіпкерлігінің тұрақты дамуына қосқан үлесі және нәтижелі қызметі үшін бұл рейтингтегі өзінің тұрақты орнын растайды. Бірнеше мәрте жетістіктері, саладағы көшбасшылықтың тұрақтылығы, қызметіндегі маңызды нәтижелері және Қазақстан экономикасына қосқан елеулі үлесі үшін Жамбыл жоғары медициналық колледжі Қазақстан Республикасының үздік 100 мемлекеттік кәсіпорнының қатарына кірді.

 

Ұлттық статистика агенттігінің деректері негізінде «Қазақстанның үздік кәсіпорны – 2022″мәртебесін алды

 

“SUNQAR” волонтерлық қозғалысына қосқан елеулі үлесі мен қоғамдық іс шараларға белсене қатысқаны үшін “ҮЗДІК СЕРІКТЕС” номинациясын Жамбыл жоғары медициналық колледжі марапатталды.

                                                                                                   

 

Жамбыл облысы Қазақстан студенттерінің Альянсы ұйымына қосқан нақты үлесі үшін және “ҮЗДІК СЕРІКТЕС” номинациясымен Жамбыл жоғары медициналық колледжі марапатталды.

                                                                                                               

 

 

Колледж жетістіктері 2021 жыл

«Жамбыл жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ КМК «ЛИДЕР ОТРАСЛИ 2021» құрметті атақпен марапатталды.   Куәлік рейтингтегі тұрақты орнын растайды. Орасан жетістіктерге бірнеше рет қол жеткізгені, саладағы көшбасшылық тұрақтылығы, қызметтегі маңызды нәтижелері және Қазақстан экономикасына қосқан елеулі үлесі үшін, Жамбыл жоғары медициналық колледжі Қазақстан Республикасының 100-үздік мемлекеттік кәсіпорындарының қатарына енді.

 

Жастардың кәсіптегі шеберлігін анықтайтын «WorldSkills Kazakhstan -2021» республикалық чемпионаты өз мәресіне жетіп, Жамбыл облысы студенттері аймақ үмітін ақтады. Чемпионат нәтижесінде 4 құзыреттілік бойынша 5 студент жүлделі орындарды иеленді:

«Медициналық және әлеуметтік күтім» құзыреттілігі бойынша Жамбыл жоғары медициналық колледжінің студенті Сүйінбекұлы Кәрім – 1 орын-алтын;

Колледж директоры Сарыбекова Жамиля Нургалиевна «WorldSkills Kazakhstan 2021» VI республикалық кәсіби шеберлік чемпионатында Жамбыл облысы атынан қатысып, жеңімпаз атанған Жүлдегерлерді  құттықтап, тек қана биік шыңдардан көрінуіне тілек білдірді.

 

 

Ұлттық бизнес рейтингі бойынша ШЖҚ КМК «Жамбыл жоғары медициналық колледжі» мемлекеттік кәсіпорындар арасында Қазақстан экономикасы мен кәсіпкерліктің тұрақты дамуына қосқан үлесі және нәтижелі қызметі үшін «Сала көшбасшысы-2020» атағына ие болды.

Жамбыл облысы əкімдігінің білім басқармасының 2 шілде 2020 жылғы №212-Ө бұйрығына сəйкес облыстағы техникалық
жəне кəсіптік білім беру ұйымдарына рейтинг жүргізілді.Техникалық жəне кəсіптік білім беру мекемелерінің дамуы үшін сапалы білімнің
қолжетімділігін қамтамасыз ете білетін үздік колледжді анықтау, қолдау жəне мадақтау мақсатында өткізілген. «Ең үздік техникалық жəне
кəсіптік білім беру ұйымы–2020» облыстық байқауында Жамбыл жоғары медициналық колледжі жүлделі 1- ші орынды жеңіп алып 1 миллион теңге Сертификатына ие болды.

 

Жамбыл жоғары медициналық колледжі «Үздік қазақстандық -2019″ жалпыұлттық жобасына қатысып, » Үздік білім орталығы» айдарында колледж жетістіктері туралы мақала жарияланып, үздік білім беру мекемесі деп танылды.

«Сыбайлас жемқорлықсыз ел – өркендеуші ел» атты 9 желтоқсан – Халықаралық жемқорлықпен күресу күніне орай өткен форумда еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың іске асыруына және қоғамда адалдық, әділдік, парасаттылық құндылықтарын нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін, «Жамбыл жоғары медициналық колледжінің» ұжымы алғыс хатпен марапатталды.

Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің «Қазақстанның медициналық колледждері одағы» ШЖҚ МКК ұйымдастыруымен «Медбикелік іс» мамандығының қолданбалы бакалавриат біліктілігімен білім беру бағдарламасымасы бойынша «ҚР медбике мамандығының дамуы, Ғылым, ізденіс, жаңашыл» атты Республикалық ғылыми – практикалық конференциясына қолдау көрсеткені үшін колледж директоры Ж.Н. Сарыбековаға оқу-әдістемелік бірлестік төрайымы А. Саржанова алғыс білдірді.

Қазақстан Республикасындағы тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік  бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2017-2019 жылдарға  арналған ісшаралар  жоспарын бекіту туралы» №243 қаулысын іске асыру  мақсатында 2019 жылдың 21 қарашасында  өткізілген «Үздік мекеме 2019»  қалалық байқауында Жамбыл жоғары медициналық колледжінің оқытушыларынан құралған «Жомарт жүрек» тобы  үшінші  орынды иеленіп, III дəрежелі  Дипломмен марапатталды.

КМҚК«Жамбыл медициналық колледжі»  «Темп роста» номинациясы бойынша ұлттық скртификатпен «Лидер года 2018» атағына ие болды.

 

15.06.2018 ж. Жамбыл облысының әкімі А.Мырзахметов облыстық  денсаулық сақтау саласына қосқан қомақты үлесі үшін және Медицина қызметкері күні мерекесіне орай Жамбыл жоғарымедициналық колледж  директоры Ж.Н.Сарыбекова Құрмет грамотасымен марапатталды.

Қазақстан Республикасы бойынша 100 колледж арасынан «Образцовый налогоплательщик» көрсеткіші бойынша Жамбыл жоғары медициналық колледжі «Лидер года» атағын иемденіп, Ұлттық сертификатпен марапатталды.

   

Колледждің институционалдық жəне мамандырылған аккредитациядан өтуінің нəтижиесі

Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тəуелсіз Қазақстандық агентігінің президенті, п.ғ.д., х.ғ.к. Ш. Қаланова Мамандандырылған аккредиттеу туралы куəлігін, Институционалдық аккредиттеу туралы куəлігін колледж директоры Ж.Н. Сарыбековаға табыстады. Куəліктердің жарамдық мерзімі 2018 ж. 29 қаңтар – 2023 ж. 27 қаңтар.

  

  • «Қыран» Аймақтық Тұтынушылар Лигасы «Халық таңдауы» «Алтын қыран» халықтық сапа белгісімен «Білім беру қызметі» номинациясы бойынша Жамбыл жоғары медициналық колледжі «Алтын қыран» халықтық сапа белгісінің Дипломы мен Сертификатының иегері.

 

 

 

  • Халықаралық деңгейде Швейцарияның Женева қаласында іскерліктің абырой-беделін және басшылардың кәсіптік шеберлігін қолдау мақсатымен өткен «Сапаға еуропалық Гран при» атты Халықаралық байқауының«Инновацияға үлес қосу және дәстүрлі білім беруді сақтап қалу» номинациясы бойынша байқаудың лауреаты.

 

 

  • Колледж білім саласындағы орасан жетістіктері  және Қазақстан Республикасының дамуына қосқан  үлесі үшін «Лидер сферы образования 2015»  сертификатының иегері.

 

 

  • Колледж жоғары кәсіби шеберлігі және Қазақстан Республикасына қосқан ерен еңбегі үшін  «Лучшие в образовании» атты халықаралық  энциклопедиясына еніп, дипломмен марапатталады.

 

 

  • Қазақстанның – 2016 жылғы озат медициналық колледждер  арасында өткен Ұлттық рейтінгісі бойынша  колледж 7 орынға  қол жеткізіп, сертификатқа ие болды.

 

 

  • Педагогика ғылымдарының кандидаты – 1
    Денсаулық ісінің үздігі – 7
  • Колледж «Фармация», «Емдеу ісі», «Мейірбике ісі» мамандықтары бойынша «ҚР медициналық колледждер одағы» оқу-әдістемелік бірлестіктері құрамының мүшесі.
  • Орта кәсіптік білім беру, орта буын медициналық және фармацевтикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау саласындағы білім беру қызметіне қатысты ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджментінің жүйелері талаптарына сәйкестігін куәландыратын КZo.01.0858ҚСС №0029665 СӘЙКЕСТІК СЕРТИФИКАТЫН алды.

 

  • Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны «Жамбыл медициналық колледжі» соңғы мемлекеттік аттестациядан 2014 жылдың сәуір айында өткізілді.

 

 

           

Кәсіптік техникалық  білім  саласындағы  менеджерлік  курс

09.10.2015 ж. АҚШ-тың Нью-йорк қаласында өткен «Кәсіптік техникалық білім саласындағы менеджерлік курсына» Қоңырова Самиха Қоңырқызы және  Таукебаева Шынар Сатханқызы қатысу Сертификатына ие болды.

 

 

Ұлыбританияның орта техникалық және кәсіптік білімінің дуальды оқытуды зерделеп енгізу және қолдану мақсатында Лондон – Оксфорд – Кембридж қалаларында өтетін кәсіптік- техникалық білім беру менеджерлерінің біліктілігін арттыру курсына  Самиха Қоңырқызы қатысып, Сертификатқа ие болды.

 

 

15.12.2015 ж. ҚР-ның Тәуелсіздік мерекесіне орай Жамбыл медициналық колледжінің директоры С.Қ.Қоңырова (қазіргі таңда ардагер-ұстаз) «Алтын дәрігер» медалімен марапатталды.

 

 

Сондай-ақ, ҚР-дағы талантты педагог қызметкерлерді анықтау, олардың мәртебесін көтеру және мұғалімдердің озық іс-тәжірбиелерін тарату мақсатында өткізілген «Білім шыңы» жобасына колледж оқытушысы Ж.М.Кабирова қатысып, еңбегі жоғары бағаланып, «Білім шыңы» медалімен марапатталды.

 

 

Ел  Тәуелсіздігінің  25  жылдық  мерейтойына  орай  ұйымдастырылған  «Мәңгілік  Елдің мәртебелі  мұғалімі»  жобасына  сапалы  білім, саналы  тәрбие  берудегі  озық  іс – тәжірибесін  ұсынып,  ұстаздық  шеберлігін, біліктілігін  жоғары  дәрежеде  танытқаны  үшін Жамбыл медициналық колледжінің 25 оқытушысы «Мәңгілік  Елдің мәртебелі  мұғалімі» медалімен  марапатталды.

 

«Жамбыл жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ КМК «Образцовый налогоплательщик» номинациясы бойынша ұлттық бизнес рейтинг «Лидер отрасли 2019» атағына ие болды.

Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігінің ұйымдастыруымен Қазақстандағы медициналық колледждердің 2019 жылғы Ұлттық рейтингінде Жамбыл жоғары медициналық колледжі 4-ші орынға ие болып, сертификатпен марапатталды.