Колледждегі игі істердің баcтамасы

Без рубрики
Бөлісу

Колледждің стратегиялық жоспарына сәйкес колледж директоры – Ж.Н Сарыбекованың басшылығымен 05.12.2017 ж. 80 жылдан аса тарихы бар киелі оқу орнының мұражайы, Н.Ә. Назарбаевтың “Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар” бағдарламалық мақаласы аясында “Рухани дамыту” орталығы, сонымен қатар  студенттердің салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында колледжде спорт алаңының ашылу салтанаты өтті. Салтанатты жиынға Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы басшысының орынбасары Т.С. Жамалов, Облыстық және қалалық медициналық мекемелердің бас дәрігерлері (А. К. Айтбаева, Д.А. Сарсенова, Р.Б. Нуржанов, М.Р.  Рабандияров, Н.Ш. Абилдаев). Облыстағы арнайы оқу орындарының басшылары (Ж.Р. Орынбаева, Г.К. Турсынбекова, Н.Т. Нуралиев, А.Д. Биназаров). Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының басшысы Ғ. Б. Боранбаева. Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы  У.С. Сламбекова,  Тараз қаласы, Байзақ ауданының құрметті азаматы, ардагері С.Қ. Қоңырова, сонымен қатар облыстық Шоқан Уәлиханов кітапханасының директоры  Э.Е. Абдинова қатысты.