Колледждің институционалдық және мамандырылған аккредитациядан өтуі

Без рубрики
Бөлісу

Білім беру ұйымын аккредиттеу – аккредиттеу органының білім беру қызметтерінің сәйкестігін тану рәсімі, белгіленген стандарттарға сәйкес объективті ақпаратты ұсыну мақсатында олардың сапасы мен тиімді тетіктерінің бар екенін растау. 2017 жылдың 11-13 желтоқсан күндері Жамбыл медициналық колледжінде институционалдық және мамандырылған  аккредиттеу жөніндегі сыртқы сараптама комиссиясы жұмыс істеді. Комиссия құрамына Қазақстан Республикасының медициналық колледждерінің  және  жұмыс беруші мекемелерінің өкілдері  кірді. Ахмадиев Адлет Амангелдіұлы – Өскемен медициналық колледжінің директоры. Пәрімбекова Айсұлу Сатыбалдықызы – Жетісай медициналық колледжінің оқу-ісі жөніндегі директордың орынбасары.  Акимниязова Нагима Дайрабайқызы – Қызылдорда жоғарғы медициналық колледжінің әдістемелік жұмыс жөніндегі директордың орынбасары. Нуржанов Раимкұл Бестайұлы – Тараз қаласының  қалалық балалар ауруханасының бас дәрігері. Серік Дильнас Серікқызы – “Болашак” Тараз медициналық колледжі “Мейірбике ісі” бөлімі 3 курс студенті. Раймбекова Жанат Ахатқызы – аудиттің және кейінгі колледждер мониторингі бөлімінің директоры, п.ғ.к. Ешова Гулжамила Алпысбайқызы – Шымкент медициналық колледжінің оқу-тәжірибе ісі жөніндегі директордың орынбасары. Ульбауова Аида Мирхайдарқызы – Д. Қалматаев атындағы Семей мемлекеттік медициналық колледжінің оқу-тәжірибе ісі жөніндегі директордың орынбасары. Макашева Мейз Бурганбайқызы – Талдықорған медициналық колледжінің бөлім меңгерушісі. Туребаева Альфия Жамалетдинқызы – Астана қаласы  «Даналык» колледжінің ПЦК төрайымы.