Тәуелсіздік-қасиетің, құнарың,
Тәуелсіздік-жарқыраған шынарың.
Тәуелсіздік-бар бақыттың бастауы,
Тәуелсіздік-ұлтың менен ұраның.
16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай 12.12. 2025 ж. Жамбыл жоғары медициналық колледжінде «Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым!» тақырыбында «Мейіргер ісі» бөлімінің 105М-9/25, 106М-9/25 топтарымен колледжішілік ашық тәрбие сағаты өткізілді. Іс-шара Қазақстан Республикасының әнұранымен басталды. Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қуанышбекова Л.Т. құттықтау сөз сөйлеп, еліміздің тәуелсіздік жолындағы тарихи белестері мен оның бүгінгі ұрпақ үшін маңыздылығын атап өтіп, жастарды елін сүйетін, білімді, жауапкершілікті азамат болуға шақырды. Студенттер еліміздің тарихын, ерлігін, рухын айшықтайтын өлең шумақтар оқып, патриоттық ән, би, күй тартып, әдеби композиция ұсынды. Тәуелсіз Қазақстанның дамуына үлес қосатын жас ұрпақтың намысты, білімді, отаншыл болып өсуіне бағытталған тағылымды іс-шара болды.
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын!
Қазақстанымыздың көк байрағы желбіреп, еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын!
Жауапты топ кураторы: Ахметбекова Раушан Мухтарбековна.


