Колледжішілік ашық тәрбие сағаты

Без рубрики
Бөлісу
05.05.22ж.күні Жамбыл Жоғары Медициналық колледжінде Ұлы Отан соғыс күніне арналған «Ұлы – Жеңіс жасасын!» тақырыбында колледжішілік
ашық тәрбие сағаты өткізілді.✅Тәрбие сағатының мақсаты: жастарды адамгершілікке, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық тәрбие беру, достық пейілге баулу;
Студенттерді туған жерге деген сүйіспеншілікке, Отан тыныштығын қорғауға, қасиетті нәрселерді қадір тұтуға тәрбиелеу, ұйымшылдыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу;
Отан тарихына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың ерлік істеріне тағзым етуге, өз халқымыздың тарихын құрметтей білуге, дүние жүзіндегі басқа ұлт өкілдерінің достығын нығайтуға тәрбиелеу.
Ұйымдастырушысы Таңат Г.Б. және 103 МІ-9/21 топ студенттері.