Жамбыл жоғары медициналық колледжі директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары. Білімі жоғары. Жамбыл педагогикалық институтының филология факультеті, «Орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі» мамандығын 1995 жылы; РФ Томск қаласы, СибММУ «Денсаулық сақтау менеджменті» мамандығы бойынша магистратураны 2020 жылы бітірген.
Педагогикалық өтілі 30 жыл. Осы мекемедегі еңбек өтілі 15 жыл. Директордың орынбасары ретінде 18 жыл (мектепте – 6 жыл, колледжде 12 жыл). Санаты жоғары, 2020 жылы растаған. 2021 жылдан директордың 1 санатты орынбасары.
1994 жылдан 1999 жылға дейін Жуалы ауданы, Б.Момышұлы ауылы, №2 Мыңбұлақ орта мектебінде орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі қызметін атқарды.
1999 жылдан 2000 жылға дейін К.Д.Ушинский атындағы №23 орта мектебінде орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі қызметін атқарды. 2000 жылдан 2009 жылға дейін К.Д.Ушинский атындағы №23 орта мектебінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарған.
Жамбыл жоғары медициналық колледжінде:
2009 жылдан 2011 жылға дейін білімгерлер кәсіподақ ұйымының төрайымы,
2011 жылдан 2012 жылға дейін тәрбие ісі жөніндегі меңгеруші,
2012 жылдан бастап директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,
2016 жылдан бастап директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарады.
Біліктілікті арттыру курстары:
– 2020 жылы «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Оқу-тренингтік орталығының ұйымдастыруымен «Педагогтердің IT- құзіреттіліктерін дамыту және жетілдіру» тақырыбында 36 сағат көлемінде білімді жетілдірген;
-2020 жылы «Цифровые технологии в профессионально-техническом образовании. Зарубежные практики» тақырыбында онлайн-стажировка 80 сағат көлемінде өтіп, білімді жетілдірген;
-2021жылы Астана-Өрлеу, «Трудовые конфликты. Деятельность согласительной комиссии по урегулированию трудовых конфликтов (споров)», тақырыбында 15 сағат көлемінде өтіп, білімді жетілдірді;
-2021 жылы SKLAD онлайн білім беру порталы арқылы «Профориентация: модели, международные тенденции и инновации. Образовательные модели и практики в работе с одаренными детьми» тақырыбында 72 сағат көлемінде оқып білімін жетілдірді;
-2021 жылы «Өрлеу» АҚ ҰБКО колледждегі жалпы білім беретін пәндер оқытушыларының «Русский язык и литература в рамках обновления содержания среднего образования» тақырыбында 80 сағат көлемінде білімді жетілдірді.
-2022жылы KMASZC Varga Marton Kerteszeties Foldmeresi Technikumes Kollegium «Worldskills халықаралық стандарттары негізінде үздіксіз техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамыту тәжірибесі» Венгрия, Австрия және Словакия мемлекеттерінде Халықаралық тағылымдамадан өтіп сертификат иеленген;
-2022 жылы «Worldskills стандарты негізінде кәсіби дағдыларды қалыптастыру «Оңтүстік Корея тәжірибесі» тақырыбында Сеул қаласында Халықаралық тағылымдамаға қатысып сертификатқа ие болған;
-2022 жылы директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары ретінде TALAP коммерциялық емес акционерлік қоғамы ұйымдастырған «Білім берудегі менеджмент» курсын аяқтаған;
-2023 жылы «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы ұйымдастыруымен өткен «Білім берудегі менеджмент: колледждің оқу процесінің сапасын басқарудың инновациялық стилі» тақырыбында 72 академиялық сағат көлеміндегі біліктілігін арттыру курсын аяқтап, сертификатқа ие болды.
Алған марапаттары мен жетістіктері:
-2020 жылы Білім бері саласындағы ерен еңбегі үшін БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚР БІЛІМ БЕРУ ІСІНІҢ ҚҰРМЕТТІ ҚЫЗМЕТКЕРІ» төсбелгісімен марапатталған;
-2018 жылы ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ІСІНЕ ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ҮШІН» төсбелгімен марапатталған;
-2020ж. «Коронавирус: салдары мен жеңудің ықтимал жолдары» тақырыбында Түркістан жоғары медициналық колледжі ұйымдастырған республикалық ғылыми конференцияға студент Ермек Тілегенді дайындап 1 орынды иеленіп, диплом және сертификатпен марапатталған;
-2023 жылы «Білім беру ұйымы басшының үздік орынбасары» Республикалық байқауына қатысып 1 орын иеленіп, дипломмен марапатталды;
-2023 жылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен
«Ахмет Байтұрсынұлы – тіл мұрасы» медициналық колледждер арасында
республикалық байқауды жоғары деңгейде өткізгені үшін алғыс білдірді;
-2023 жылы Алматы қаласындағы «Эмили» медицина орталығының ұйымдастыруымен «Заманауи медицинадағы орта буын медицина қызметкерлерінің рөлі» тақырыбында өткен аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференцияға студентті жоғары деңгейде дайындағаны үшін Алғыс хатпен марапатталған;
-2022 жылы TALAP коммерциялық емес акционерлік қоғамы, «Білім берудегі менеджмент» тақырыбында өткізген білімді жетілдіру курсында белсенділік танытқаны үшін және республикалық форумға қатысқаны үшін сертификатпен және Алғыс хатпен марапатталған;
-2018 жылы ҚР «Санат» кәсіби даму орталығының «Кәсіби білім дамуына қосқан үлесі үшін» төсбелгімен марапатталған;
-2018 жылы денсаулық сақтау саласына қосқан қомақты үлесі үшін Жамбыл облысы әкімі А.И.Мырзахметовтың «Алғыс хатымен» марапатталған;
-2016 жылы ҚР Ұлттық рейтинг қорытындысы бойынша «Айрықша жетістіктері үшін» төсбелгімен марапатталған.