04.09.2019 ж. тәрбие жұмысының меңгерушісі Л.Мейрманова, колледж директорының құқық бұзушылықтың алдын алу жұмысының меңгерушісі Р.Усенов, колледж психологтары А.Өскенбаева, А.Қазыбекова және Тараз қаласы ПБ ЖПҚ-ның ЮПБ УПИ полиция капитаны Жақсығұлов А. және кеңес мүшелерінің қатысуымен колледж қабырғасына кесетін және өткір заттар- пышақ, бәкі, тез жанатын, жарылғыш және т.б. заттарды өзімен әкелмеу, қолданбау мақсатында рейдтік іс-шара ұйымдастырылды. Рейдтік іс-шара барысында құқық бұзушылық анықталған жоқ.