04.03.2026 жылы Жамбыл жоғары медициналық колледжінде 320ЛФ-9/23 топ студенттері арасында «8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні» тақырыбында кураторлық сағат өткізілді. Іс-шара барысында 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы, оның қоғамдағы маңызы, әйел-ананың отбасы мен мемлекет өміріндегі рөлі туралы жан-жақты мәліметтер берілді. Сонымен қатар, қазақ халқының тарихындағы батыр да қайраткер әйелдер жайында айтылып, қазіргі қоғамдағы әйелдердің жетістіктері мен еңбектері атап өтілді. Студенттер мерекенің мәні туралы ой-пікірлерімен бөлісіп, аналар мен ұстаздарға деген құрметтің маңыздылығын талқылады. Тәрбиелік бағыттағы мұндай ой пікірлер жастардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету дәстүрін нығайтуға ықпал етеді.




