5 наурыз 2026 жылы Жамбыл жоғары медициналық колледжі 101-М 9/25 тобының студенттерімен топ кураторы Шорманбаева Р.Т.-ның ұйымдастыруымен «Әйел – әлемнің әсемдігі» тақырыбында кураторлық сағат өткізілді. Кураторлық сағаттың мақсаты – әйел затының қоғамдағы орны мен рөлін түсіндіру, аналар мен қыз-келіншектерге деген құрмет сезімін қалыптастыру, студенттерді адамгершілікке, сыйластыққа және мейірімділікке тәрбиелеу. Кураторлық сағат барысында әйел адамның отбасы мен қоғамдағы маңызы туралы әңгіме жүргізіліп, студенттер өз ойларымен бөлісті. Сонымен қатар ананың мейірімі, әйелдің нәзіктігі мен даналығы жайлы пікір алмасу ұйымдастырылды. Студенттер белсенді қатысып, тақырып бойынша өз көзқарастарын білдірді.



