«Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы. Президент Қ.К.Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты бағдарламалық мақаласын жастардың арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткен «Қазақстанның үздік магистрі» атты республикалық байқауына колледж оқытушысы Ұ.Е. Дүйсембаева қатысып, жүлделі Дәрежелі Дипломмен марапатталды. Сондай ақ, колледж директоры Ж.Н.Сарыбековаға байқаудың жоғары деңгейде өтуіне қолдау көрсетіп, басшылық жасап отырған мекемеден магистрларды осы шараға қатыстырғаны үшін Алғыс хат табысталды.