13.06.2019 ж. «Медицина қызметкерлері күніне» орай Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасы, «SENIM» денсаулық сақтау қызметкерлерінің кәсіподағы және Жамбыл жоғары медициналық колледжінің ұйымдастыруымен облыстық балалар ауруханасында құттықтау концерті өткізілді. Аталған іс-шарада Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен Жамбыл жоғары медициналық колледжі директоры Сарыбекова Ж.Н. және «Халыққа медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыруға қосқан үлесі мен көпжылдық жемісті еңбегі үшін» Жамбыл облысының әкімі А. Мырзахметовтың қолы қойылған алғыс хатпен Ералиев М.Л. марапатталды. Жауапты: тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі: Мейрманова Л.К., студенттер кәсіподақ ұйымының төрайымы: Н.Р. Абдрахманова және жастар ісі жөніндегі орынбасары Д.Б. Уркимбаева.