Құтыру, Сіреспе

Без рубрики
Бөлісу

21.12.2022 ж. Жамбыл жоғары медициналық колледжінде № 2 арнайы пәндері циклдық әдістемелік комиссиясының оқытушысы И.Ш.Сапарова «Емдеу ісі» бөлімі, 228ЕФ-11/21 топ студенттерімен «Жұқпалы аурулар» пәнінен, «Құтыру, Сіреспе.» тақырыбы бойынша ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаттары:
Білімділік мақсаты:
-студенттерге құтыру және сіреспе ауруларының этиологиясы, патогенезі, эпидемиологиясы, клиникалық белгілері, зертханалық диагностикасы, емдеу шаралары, профилактикасы және күтімі туралы түсінік беру.
Дамытушылық мақсаты:
-студенттердің логикалық ойлау қабілетін жетілдіру;
– студенттердің ой өрісін, есте сақтау қабілеттерін және алған білімдерін басқа да
клиникалық пәндерге қолдана білу қасиеттерін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты:
-мейірімділікке, ұқыптылыққа, мәдениеттілікке, пәнге және болашақ мамандығына деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу.
-салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағыттау.
Әдістемелік мақсаты:
-интерактивті, смарт тақтаны тиімді пайдалана отырып, сабақтың мазмұнын ашу арқылы студенттердің білім деңгейін арттыру.