«Қызық екен» интеллектуалды ойыны

Без рубрики
Бөлісу

29.01.2020 ж. Колледжіміздің «Jas Otan» Жастар қанаты бөлімшесінің ұйымдастыруымен «Қызық екен» интеллектуалды ойыны ұйымдастырылды. Ойынға 4 оқу орны қатыстырылды: Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжі, Жамбыл жоғары политехникалық колледжі, Тараз «Болашақ» жоғары медициналық колледжі, Тараз Сервис және Технологиялық колледжі.

Жарыс 2 кезеңнен тұрды : ұяшық таңдау және FASEC.Алғашқы кезеңде қатысушылар берілген ұяшықтардың бірін таңдап ондағы сұраққа дұрыс жауап беруі керек. Екінші кезеңде экранда берілген суреттерді дұрыс табу керек.

Ойын соңында барлық ұпай сандары есептеліп қатысушылар марапатталды. 1-орынды Тараз «Болашақ» жоғары медициналық колледжі иеленді.
Қалған оқу орындары Алғыс хатпен марапатталды. Келіп қатысқан студенттерге алғысымыз шексіз.