2019жылдың 15 қазан айында Жамбыл жоғары медициналық колледжінің «Рухани дамыту» орталығында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Латын әліпбиіне көшу – заман талабы» тақырыбында 1, 2 курс студенттері арасында пікір-сайыс өткізілді. Бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналған «Латын әліпбиіне көшу» туралы өз ой-пікірлерін ортаға салып, заман ағымына сай өмір сүре білу керектігін тілге тиек етті.