ҚР техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің мамандарын даярлауды жетілдіру бойынша тәжірибе алмасу, білім беру бағдарламаларын игерудің жаңа технологиялары және оларды дамыту перспективаларымен танысу мақсатында СІЕІ халықаралық білім беру және инновациялар орталығы мен Marshall Cavendish Education бірлесіп ұйымдастырылған «Lesson Study білім беру практикасы және әдіснамасы. Жапония тәжірибесі» тақырыбында колледж директоры Сарыбекова Жамиля Нургалиевна мен «Мейіргер ісі» мамандығы бөлімінің бөлім меңгерушісі Айдралиева Асел Болатовна халықаралық тағылымдамадан өтті. Тағылымдама бағдарламасының аясында «Japan Education Foundation» Жапонияның білім беру қоры мен Жамбыл жоғары медициналық колледжі арасында халықаралық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Аталған құжат тараптардың медициналық білім беру саласындағы өзара тиімді серіктестікті нығайтуға, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға жағдай жасайды. Жаңа жетістіктерге бастар жол болғай!