Әлеуметті көмек көрсету жұмысы

Буксукбаева Айман Ануарбековна

 

Жамбыл жоғары медициналық колледжінің әлеуметтік педагогі.

Білімі жоғары.

2002 – 2007 ж. М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, «Физика және информатика»;

2012 – 2014 ж. Тараз мемлекеттік университеті, «Әлеуметтік педагогика және өзін өзі тану»

2005 жылдың  қыркүйек айынан  бастап Жамбыл жоғары медициналық колледжінде жұмыс істеуде.

       Әлеуметтік педагогтың мақсаты – студенттерге психологиялық жайлылық және қауіпсіздік жағдай жасау болып табылады, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық, педагогикалық тетіктерін қанағаттандыру және жағымсыз құбылыстарды отбасында, колледжде, басқа да айналасындағы социумда алдына алу болып табылады.

Әлеуметтік педагогтың негізгі міндетерін – білім беру мекемесінде студенттерге әлеуметтік құқықтарын қорғау, дамыту және кәсіптік оқытуға жағдай жасау, отбасымен және колледжің  арасында әріптестік қарым-қатынас жасау.

Әлеуметтік педагог колледж әкімшілігі, оқытушылар, педагог-психолог, студенттермен және олардың  ата-аналарымен (заңды өкілдерімен) өзара қарым- қатынаста болады.

Әлеуметтік педагогтың жұмысының мазмұны колледждегі студенттердің әлеуметтік қажетті мәселелерін анықтау.

Әлеуметтік педагогикалықстуденттермен колледжде жұмысының негізгі бағыттары:

  • топтың әлеуметтік төлқұжатын дайындау;
  • тәуекелді студенттер тобының картотекасын толтыру;
  • студенттердің әлеуметтік мәселелерін байқау, оның туындау және колледждің шарттар есебімен шешу;
  • педагогика және әлеуметтік қолайсыз отбасыларды есепке алу;
  • әке-шешесінің қамқорлығынан қалған, көпбалалы отбасыдан шыққан, толық емес және аз қамтылған отбасыларды әлеуметтік қорғауды  жүзеге асыру;

мемлекеттік мекемелер, әлеуметтік қызмет және қоғамдық ұйымдар мен жеке тұлғалармен бірігіп әлеуметтік қоршаған студенттер мен олардың отбасыларына көмек көрсету.