Әлеуметтік қызметкермен кездесу

Бөлісу

Әлеуметтік қызметкермен кездесу
31.03.2026 ж. Жамбыл жоғары медициналық колледжінде Туберкулезге қарсы кұрес айлығына орай, №2 циклдік әдістемелік комиссиясы ұйымдастыруымен 137Ф-11/25 топ студенттерімен «Туберкулезге қарсы күрес, денсаулық зор байлық» тақырыбында дөңгелек үстелде маманмен кездесу өткізілді. Арнайы шақыртумен келген маман Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының әлеуметтік қызметкері А.А.Абдыкалыкова студенттерге салауатты өмір салтын ұстану, зиянды әрекеттердің алдын алу, психоактивті заттардың зияны туралы ақпарат берді.
Кездесудің мақсаты: студенттерді туберкулездің, алкогольдің және психоактивті заттардың зияны туралы хабардар ету, алдын алу жолдарын түсіндіру, денсаулық сақтауға ынталандыру.
Жауапты: №2 циклдік әдістемелік комиссия оқытушылары: Әтібек А.Б.,Әділ А.Б., Сейтқұл А.Ж.