«Әлеуметтік желінің әдебі мен әлегі»

Без рубрики
Бөлісу

16.02.2023 ж. «Галилео» үйірмесінің ашық отырысы өткізілді. Тақырыбы: «Әлеуметтік желінің әдебі мен әлегі». Үйірме жетекшісі: информатика пәнінің оқытушысы: Құдайбергенова А.К. Ашық отырысқа үйірме мүшелері: 104М-9/22, 107М-9/22, 108М-9/22, 114ЕФ-9/22, 119ЕФ-9/22 топ студенттері қатысты.

Білімділік мақсаты: студенттердің информатика пәніне деген қызығушылығын арттыра отырып, ғылыми көзқарасты қалыптастыру, студенттердің танымдық іс-әрекеті мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру; жастардың өміріндегі әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны, қазіргі кездегі гаджеттерді қолданудың адам денсаулығына кері әсер етуі жөнінде теориялық біліммен бірге практикалық білікті меңгерту, әлеуметтік желілерді өмірде дұрыс мақсатта пайдалану дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік мақсаты:
1. Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында жастардың, оның ішінде ер балалардың денсаулығының мықты, хал-ақуалының жақсы болуына тәрбиелеу.
2. Әлеуметтік желінің пайдасы мен зиянына ғылыми дәлелденген деректер бойынша нақты фактілермен көз жеткізіп, жастарды әлеуметтік желіні дұрыс пайдалануға тәрбиелеу.
Дамытушылық мақсаты:
1. Зиянды әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салты мен адам денсаулығы арасындағы байланыс жайында ғылыми көзқарас қалыптастыру.
2. Студенттердің бойында салауатты өмір салтын берік қалыптастыру, жеке тұлғаның санасын, өмірге деген көзқарастарын дамыту.
3. Студенттердің ойлау қабілеттерін дамыту, сөз мәдениетін жетілдіру, шығармашылық ізденістерін арттыру.
Ашық отырыс барысында тақырыпқа қатысты бейнеролик көрсетіліп, баяндама, өлең оқылды, әлеуметтік желідегі сөз мәдениетіне байланысты пікірлер айтылды және би биленіп, көрініс көрсетілді, көрермендермен ойын ойнатылды. Зерттеу жұмысы барысындағы бейнесұхбат, сауалнама қорытындысы көрсетілді.