2025 жылғы 4 желтоқсанда Жамбыл жоғары медициналық колледждің 90 жылдық мерейтойы аясында Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында Абай Құнанбаевтың 180 жылдық мерейтойына «Ұлт руханиятының шамшырағы – Абай Құнанбаев» облыстық интеллектуалдық ойыны өткізілді.
Интеллектуалды ойынның мақсаты: ұлы ойшыл, қазақ халқының кемеңгер перзенті Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылық мұрасын терең таныту, студенттердің әдебиетке, тілге, мәдениетке деген қызығушылығын арттыру және шығармашылық белсенділігін дамыту; үштілділік саясатын қолдау арқылы білім мен мәдениет алмасуын кеңейту, Абай шығармалары арқылы адам бойындағы ізгі қасиеттерді – еңбекқорлықты, адалдықты, білімге құштарлықты дәріптеу.
Интеллектуалды ойынға облыстың 8 колледжінің студенттері қатысып, шара үш тілде өтті.
- Тараз «Парасат» жоғары колледжі «Hakim Hackers» тобы
- Жамбыл политехникалық жоғары колледжі «Алғырлар» тобы
- Тараз сервис және технология колледжі «Абай жолы» тобы
- Қордай ауылшаруашылық колледжі «Өлең өрнегі» тобы
- Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжі «Хакім үнімен үндескендер» тобы
- Астана көпсалалы колледжі «Абай Mind»
- Жамбыл инновациялық жоғары колледжі «men jastarga senemin» «MJS»
- №3 Байзақ колледжі «Қара сөз қырандары» тобы
Ойын қорытындысы бойынша:
І дәрежелі диплом: Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжі «Хакім үнімен үндескендер» тобы
ІІ дәрежелі диплом: Жамбыл инновациялық жоғары колледжі
«men jastarga senemin» «MJS»
ІІІ дәрежелі диплом: Тараз «Парасат» жоғары колледжі «Hakim Hackers» тобы
ІІІ дәрежелі диплом: Астана көпсалалы колледжі «Абай Mind»
Әділ – қазы алқасының мүшелері:
- Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «Тілдерді оқыту орталығының» әдіскері Г.Ж. Нишанова
- Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «Тілдерді оқыту орталығының» аға әдіскері А.Н.Асхатова
- Д.Х.Дулати атындағы Тараз университеті, филология және гуманитарлық ғылымдар факультетінің орыс тілі маманы аға оқытушы, магистр Ж.С. Букенова.
Қалған топтар сертификатпен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Жауапты оқытушылар: Бердалиева Э.Б., Тойланбаева К.А., Абдалимова З.И.



