«Ұлттық ойындар. Асық ату»

Без рубрики
Бөлісу

10.01.2024ж. Жамбыл жоғары медициналық колледжінің №3 Жалпы білім беру және жалпы ізгілендіру пәндері циклдық  әдістемелік комиссиясының  оқытушысы  Н.Е.Шыныбаев «Фельдшер» бөлімі, 118ЕФ-9/23 тобымен, «Дене шынықтыру» пәнінен, «Ұлттық ойындар. Асық ату» тақырыбында ұлттық ойынның түрлерінен  ашық  сабақ өткізді.

Сабақтың мақсаты: Асық ойыны туралы түсінік беру. Студенттерді ұлттық ойын түрлері мен орындалуы туралы таныстыру. Денені сауықтыру мақсатында студенттердің қимыл қозғалыс қасиеттерінің үйлесімділігін толық жетілуін қамтамасыз ете отырып, ой-өрісін, ептілік, мергендік, шапшаңдық қасиеттерін дамыту. Студенттердің спортқа деген қызығушылықтарын арттыру және спорттық мінез-құлықтарын қалыптастыру. Ұлттық ойындарға қызықтыра отырып, ұлтжандылыққа, ұйымшылдыққа, кішіпейілдікке, шыншылдыққа тәрбиелеу, салауатты өмір салтын насихаттау. Оқу бағдарламасының талаптарына сай жаттығулардың әдіс-тәсілдерінің,  жолдарын түсіндіру, көрсету және үйрету арқылы сабақтың мақсатына жету. Оқытушы сабағы  жақсы деңгейде өтті.

Сабақ мақсатына жетті.