29.04.2024 ж. Жамбыл жоғары медициналық коледжінің 1 курс «Мейіргер ісі» 143 ҚБ-11/24 топ студенттерімен кураторы: Нурланқызы С. «Ұлттық валютаның қорғаныш элементтері» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Мақсаты: Студенттерге ұлттық валюта – теңге туралы мәлімет беру, оның тарихымен таныстыру және қорғаныш элементтерінің маңызын түсіндіру. Қолма-қол ақшаның жалған нұсқаларынан қалай сақтану керектігі туралы білім беру. Сонымен қатар, қаржылық сауаттылықты арттыру арқылы студенттердің экономикалық қауіпсіздікке деген көзқарасын қалыптастыру.