05.02.2025 ж. Жамбыл жоғары медициналық колледжінде, «Лудомания – қоғам кеселі» тақырыбында I курс студенттеріне бейне фильм көрсетілді.
Мақсаты: Лудомания не екенін түсіндіру және оның қоғамға тигізетін зиянын көрсету. Лудомания – кәзіргі қоғам үшін маңызды әрі өзекті мәселе. Құмар ойындардан туындаған тәуелділік адам өмірін тек қана жеке тұрғыдан емес, әлеуметтік тұрғыдан қиратуы мүмкін. Сондықтан, бұл мәселені алдын – алу, ақпараттандыру және қоғамды сауықтыру қажет.
Қатысқандар: «Емдеу ісі», «Мейіргер ісі» I курс студеттері, бөлім меңгерушісі Калымбетова Ж.Б., колледж психологтары, әлеуметтік педагог Буксукбаева А.А.