«Лудомания — қоғам кеселі» 06.02.2025жылы 141ҚБ-11/24 топ «Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры» бөлімінің студенттерімен «Лудомания — қоғам кеселі» тақырыбында кураторлық тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты: Студенттердің лудоманияның зиянды әсері туралы түсініктерін қалыптастыру, оның алдын алу жолдарын үйрету және салауатты өмір салтын насихаттау. Міндеттері:
-Лудоманияның анықтамасын және белгілерін түсіндіру.
-Лудоманияның пайда болу себептерін ашу.
-Лудоманияның адам денсаулығына, әлеуметтік жағдайына және қаржылық тұрақтылығына тигізетін зиянды әсерлерін көрсету.
Дамытушылық:
Студенттердің ойлау қабілеттерін, талдау жасау және қорытынды шығару дағдыларын дамыту.
Лудоманияның алдын алу және онымен күресу жолдары туралы ақпараттық сауаттылықты арттыру.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту, жарнаманың және әлеуметтік қысымның әсеріне қарсы тұру.
Тәрбиелік:
Жауапкершілікті, өзін-өзі бақылауды және қаржылық сауаттылықты тәрбиелеу.
Салауатты өмір салтын құндылық ретінде қалыптастыру.
Достық, қолдау және жанашырлық сезімдерін дамыту, лудоманияға шалдыққан адамдарға көмек көрсетуге дайын болу. Жауапты куратор: Бейсенбек Ш.Ж