25.03.21ж. Жамбыл жоғары медициналық колледжі тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен «М.Әуезовтың шығармашылығы және ұлттық тәрбие мәселесі» тақырыбында пікірталас өткізілді.
Іс-шараның мақсаты: Мұхтар Әуезовтің өмір жолы мен жазушылық қызметінен, шығармашылығынан мағлұмат беру.Жазушының әлемдік мәдениетке қосқан үлесі туралы студенттердің білімдерін жүйелеу.
Студенттердің өзіндік ізденіс жұмыстарына баулу,ой-өрісін , рухани жан дүиесін байыту. Ойын ашық білдіру, еркін сөйлеу дағдыларын жетілдіру.
Әлем таныған Әуезовтың ұлылығын дәріптеу. Қазақ елінің мақтанышына айналған заңғар жазушыны құрметтеуге, оқушыларды елін сүюге, әдебиетті білуге тәрбиелеу.