“Мәдениет пен ұлттық салт-дәстүрлер”

Без рубрики
Бөлісу

15.03.24 ж. Жамбыл жоғары медициналық колледжінде Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай «Емдеу ісі» және «Мейіргер ісі» бөлімінің меңгерушісі Калымбетова Ж. Б. басшылығымен бөлімдердегі барлық кураторлардың қатысуымен және топ кураторлары: Ыбраймжан Ә. А. мен Асанова Ұ. Х. және «Жастар рухы» ұйымының ұйымдастыруымен 16 наурыз “Мәдениет пен ұлттық салт-дәстүрлер” күніне арналған мерекелік іс-шара өткізілді.
Іс-шараның мақсаты: ұлттық салт-дәстүрлерімізді заманауи бағытта көрсету, тәрбиелеу, ата-бабаларымыздың салт-дәстүрі мен әдет ғұрпы туралы түсінік бере отырып, өз халқына, ұлтына, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.