31.03.2026 ж. Жамбыл жоғары медициналық колледжінде салауатты өмір салтын қалыптастыру және нашақорлықтың алдын алу мақсатында тәрбие бөлімі, наркобекет жетекшісі А.Т. Кобегенова ұйымдастыруымен, 137Ф-11/25 топ студенттерімен «Сақ болу – күштілердің таңдауы!. Психоактивті заттарды пайдаланудың алдын алу» тақырыбында маманмен кездесу өткізілді. Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының әлеуметтік қызметкері А.А. Абдыкалыкова студенттерге дәріс оқыды.
Мақсаты: студенттерге психоактивті заттардың адам денсаулығына, психикасына, болашағына тигізетін зиянын түсіндіру, салауатты өмір салтын ұстануға мотивация беру, саналы таңдау жасауға бағыттау.
Жауапты: Кобегенова А.Т. – «Наркобекет» ұйымының жетекшісі




