30.05.2025 жыл Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен 2025 жыл Жұмысшы мамандықтар жылына орай «Мамандық таңдау –маңызды қадам» атты кәсіптік бағдар беру жұмысына негізделген мамандықтар жәрмеңкесі өткізілді. Аталмыш іс –шараға Жамбыл жоғары медициналық колледжі өз үлесін қосты, колледждің жылы жайында өсетін емдік қасиеті бар фито шайлар жайлы пайдалы ақпараттар беріліп, колледжде оқытылатын мамандықтар туралы жан –жақты ақпараттар ұсынып, әрбір жасқа өз бағытын табуға, білім алуға, болашақ кәсібін таңдауға өз үлесін қосты.