2025 жылдың 11 сәуір күні «Жамбыл жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ КМК «Б» корпусында 2025 жыл – Жұмысшы мамандықтар жылына орай колледж түлектеріне «Мамандық таңдаудағы дұрыс қадам» тақырыбындағы бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Мақсаты: колледж түлектерінің жұмысқа орналасуына мүмкіндік жасау, түлектердің қоғам алдындағы үлкен жауапкершілігін қалыптастыру, түлектердің мамандыққа деген сүйіспеншілігін арттыру.
Жәрмеңкеге Тараз қаласы мен Жамбыл аудандарынан келген жұмыс беруші медициналық ұйымдары:
- «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Қалалық көп бейінді ауруханасы және консультативтік- диагностикалық орталығы» ШЖҚ МКК- бас дәрігердің мейіргер ісі жөніндегі орынбасары Бокушева Ляйля Туребаевна және персоналды басқару қызметінің басшысы Кемелбекова Айгерім Кайратовна
- «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жамбыл облыстық көп бейінді балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК- персоналды басқару қызметінің басшысы Мамытбекова Жанар Абдыкадыровна
- Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы «№5 Қалалық емханасы» ШЖҚ МКК- персоналды басқару қызметінің маманы Ногайбаева Маржан Байкасымовна
- «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Қалалық перинаталдық орталығы» ШЖҚ МКК- бас акушер Абдуллаева Рабиға Абжаловна
- Жамбыл облыстық «Садыхан кеңес беру диагностикалық медициналық орталық» ЖШС- персоналды басқару бөлімінің маманы Джузеева Сағыныш Талгатовна
- Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы «Жамбыл облыстық жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын – алу және онымен күрес жүргізу орталығы» КММ- персоналды басқару қызметінің маманы Койшыбаев Еркебулан Нуржанович
- Жамбыл филиалы «Almaz Medical Group» ЖШС- персоналды басқару қызметінің маманы Абдикаримова Сағыныш Сарсенбековна
- Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Айша бибі»санаторийі» ШЖҚ МКК – персоналды басқару бөлімінің маманы Каримсакова Гульмира Жаксылыковна
- Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасы «Меркі аудандық орталық аурухана» ШЖҚ МКК- персоналды басқару бөлімінің маманы Даулетбаева Камар Мырзабаевна
- Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы «Сарысу аудандық орталық ауруханасы» ШЖҚ МКК- бас дәрігердің мейіргер ісі жөніндегі орынбасары Бугенбаева Салтанат Кысрауовна және персоналды басқару бөлімінің басшысы Утеева Ауес Нурашовна
- Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы «Т.Рысқұлов аудандық орталық ауруханасы» ШЖҚ МКК- персоналды басқару бөлімінің басшысы Жайлыбаева Нагима Максатовна
- «Денсаулық-Байлық» медициналық орталық ЖШС – директордың орынбасары Шокаева Меруерт Аскербековна
- «Smart» медициналық орталығы ЖШС- директор Тургинбаева Айгуль Несипбековна
- Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы «Жамбыл облыстық оңалту орталығы» ШЖҚ МКК- бас медбике Мустафаева Айнур Оскенбаевна, персоналды басқару қызметінің басшысы Сарбасова Мадина Есенгалиевна
- «Januia medical center» ЖШС- бас дәрігердің мейіргер ісі жөніндегі орынбасары Абишева Талшын Темиржановна
Колледж түлектері медициналық ұйымдардан келген мамандармен сұхбаттасып, мамандыққа қажеттілік пен керекті құжаттарымен танысып қайтты.
Жауапты: директордың оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары Андакулова К.Т., тәжірибе бөлімінің әдіскерлері Артыкова Л.А., Батанова А.Е.