«Жамбыл жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ КМК 23.10.2025ж Тараз қаласының №29, №49 орта мектептерінің 9-сынып оқушыларына «Мамандық таңдаудағы дұрыс қадам» тақырыбында Ашық есік күні ұйымдастырылды.
Іс шараның мақсаты мен міндеттері: оқушыларға болашақ мамандық және кәсіби бағдарын таңдауға көмектесу, медицина мамандығы және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту. Оқушылардың алдағы уакытта мамандық таңдауда дұрыс жолда болуына себепкер болу, таңдаған мамандығының өз бейімділігі мен қабілетіне сәйкес келуін нақтылау, өз өзін танудың жалпы әзірлігін қалыптастыру.
Жауапты: тәжірибе ісі бойынша әдіскер Л.А.Артықова

