«Жамбыл жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ КМК 2024-2025 оқу жылының басынан, бүгінгі күнге дейін Тараз қаласының №2 орта мектеп, №4 орта мектебі, №8 гимназия, №14 орта мектеп, №20 орта мектеп, №24 гимназия, №29 орта мектеп, Техникалық шығармашылық орталығы, №33 орта мектеп, №46 орта мектеп, №60 орта мектептері мен Жамбыл ауданының Баймырза Бесбаев атындағы мектеп-гимназиясы, Ю.Гагарин атындағы мектеп гимназиясы түлектеріне «Мамандық таңдаудағы дұрыс қадам», «Мамандығым мақтанышым» тақырыптарында ашық есік күндері ұйымдастырылып, жалпы 650 оқушы қатысты.
Іс шараның мақсат міндеттері: оқушыларға болашақ мамандық және кәсіби бағдарын таңдауға көмектесу, медицина мамандығы және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту. Оқушылардың алдағы уакытта мамандық таңдауда дұрыс жолда болуына себепкер болу, таңдаған мамандығының өз бейімділігі мен қабілетіне сәйкес келуін нақтылау, өз өзін танудың жалпы әзірлігін қалыптастыру.
Жауапты: тәжірибе ісі бойынша әдіскер Л.А.Артықова