«Мамандығым-мақтанышым» тақырыбында колледж түлектерімен кездесу кеші өтті

Бөлісу

 

 

12.03.25 ж.  Жамбыл жоғары медициналық колледжінде № 3 Арнайы пәндер циклдық әдістемелік комиссия  оқытушыларының ұйымдастыруымен 2025 жыл жұмысшы мамандықтар жылына орай колледж оқытушылары мен  студенттерге арналған «Мамандығым-мақтанышым» тақырыбында колледж түлектерімен кездесу кеші өтті.

Кездесудің мақсаты: медицина саласындағы түлектермен кездесіп, болашақ маманның негізгі қызметімен, даму перспективалары, жұмыс берушінің мамандарға қоятын талаптарымен танысу.

Медицина саласындағы түлектердің тәжірибесімен бөлісу, студенттерге кәсіби бағыт-бағдар, мотивация беру.

Бітіруші студенттерге жаңа жұмыс орнына орналасу  үшін қажетті мәселелерді талқылау, студенттердің медициналық ұйым туралы ақпараттармен алмасу.

Кездесу кешінің қонақтары :

  1. Бокушева Ляйля Төребаевна – «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы «Қалалық көпбейінді ауруханасы және консультативтік-диагностикалық орталығының» ШЖҚ МКК бас мейіргері, Жамбыл облысының денсаулық сақтау басқармасы штаттан тыс бас мейіргері ісі маманы және мейіргер ісі бойынша үйлестіруші.
  2. Копжанова Дариға Тұрсынбекқызы – Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы «Жамбыл облыстық офтальмологиялық орталығы» ЖШС бас мейіргері.
  3. Көпжасарова Марфуға Қалдасбековна – «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасы» ШЖҚ МКК бас мейіргері.
  4. Мустафаева Айнұр Өскенбайқызы – Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы «Жамбыл облыстық оңалту орталығы» ШЖҚ МКК бас мейіргері.
  5. Есенкулова ГульмираТорехановна- «Мейірім» МО мекемесі бас мейіргері.
  6. Кенжегулова КамшатЖамбылкызы-«Аритмологиялық клиника»ЖШС бас мейіргері.

Келген қонақтарымыз студенттердің ойында жүрген сұрақтарына жауап беріп, өздерінің еңбек жолдарындағы  кәсіби тәжірибелерімен бөлісті.