«Мамандығым мақтанышым»

Без рубрики
Бөлісу

05.05.2021 күні «Жамбыл жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ КМК кәсіптік бағдар беру жұмысы.
05.05.2021 күні «Жамбыл жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ КМК кәсіптік бағдар беру маманы Саулембаев Қ.Ғ Тараз қаласының №3 мектеп лицейінің ұйымдастыруымен «Мамандығым мақтанышым» тақырыбында өткен тәрбие сағатына қатысып, 9-11 сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізді.
Іс шараның мақсат-міндеттері: оқушыларға болашақ мамандық және кәсіби бағдарын таңдауға көмектесу, медицина мамандық және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту. Оқушылардың алдағы уакытта мамандық таңдауда дұрыс жолда болуына себепкер болу, таңдаған мамандығының өз бейімділігі мен қабілетіне сәйкес келуін нақтылау, өз өзін танудың жалпы әзірлігін қалыптастыру.
Оқушыларға колледж тарихы, жетістіктері, мамандықтары, ерекшелігі, маңызы жайлы ақпарат берілді. Колледж жайлы кыскаша бейнеролик көрсетілді.