10.06.2024 жылы №1 әлеуметтік-экономикалық жалпы білім беру және жалпы
ізгілендіру пәндер ЦӘК оқытушыларының ұйымдастыруымен Кәсіби еңбек тәрбиесі бағыты бойынша Қазақстан Республикасы Медицина қызметкерінің күніне орай «Медицина кәсібі – адамгершіліктің асылы» тақырыбында мерекелік іс-шара өткізілді.
Мерекелік іс шара барысында алғашқы құттықтау сөзді Жамбыл жоғары медициналық колледжінің директоры Сарыбекова Жамиля Нургалиевна алып, колледжіміздің медицина саласының қызметкерлерін мерекелерімен құттықтап, бірқатар оқытушылар дипломмен марапатталып, іс шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.
Құрметті Жамбыл жоғары медициналық колледжінің медицина саласының қызметкерлері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Адам өмірін ұзартуға септігін тигізіп, қазақстандықтардың денсаулығын жақсартуға үлес қосып, орта буын медицина қызметкерлерін дайындау жолында жасап жатқан еңбектеріңізге бас иеміз! Ерең еңбектеріңіз халыққа қуаныш сыйлап, өздеріңізді нұрға бөлесін! Сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, күш-жігер, баянды бақыт пен жаңа табыстар тілейміз!