06.01.2026. ж. Жамбыл жоғары медициналық колледжінің «Мейіргерлік технологиялар» пәнінің оқытушысы Мухажанова Р.Д. 202 МС-9/24 топ студенттерімен
«Медициналық мекемелерде емдік тамақтануды ұйымдастыру. Пациентті тамақтандыру әдістері» тақырыбында ашық симуляциялық сабақ өткізді. Симуляциялық сабақтың мақсаты: студенттерге диета және диетотерапия ұғымдарын, диеталық тағамның құрамын, медициналық мекемелерде емдік тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларын, пациентті тамақтандыру түрлерін түсіндіру. Сабақ барысында халі ауыр пациенттерді табиғи және жасанды жолдармен тамақтандыру әдістері, тамақтандырудың көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштері, сондай-ақ мүмкін болатын асқынулардың алдын алу шаралары қарастырылып, іс-әрекет алгоритмдері көрсетіліп, студенттер тәжірибелік дағдыларды меңгерді.
Жасанды интеллекті қолдана отырып бейне ролликтер көрсетілді. Қазіргі таңда паллиативтік пациенттер санының артуына байланысты пациентті тамақтандыру мәселесіне, оның ішінде гастростома арқылы тамақтандыруға ерекше назар аударылуда. Сонымен қатар, үй жағдайында пациенттерге күтім көрсету, жасанды жолмен тамақтандыру тәсілдерін отбасы мүшелеріне оқыту және үйретудің маңыздылығы атап өтілді.

