«Мейіргер ісі» бөлімі, «Жалпы практикадағы мейіргер» біліктілігі бойынша 4 курс ата-аналарының жиналысы өткізілді

Бөлісу

 

Жамбыл жоғары медициналық колледжінде 17.05.2025 ж. күні «Мейіргер ісі» бөлімі, «Жалпы практикадағы мейіргер» біліктілігі бойынша 4 курс ата-аналарының жиналысы өткізілді. Ата-аналар жиналысының мақсаты – Жамбыл жоғары медициналық колледжінің 2024-2025 оқу жылы түлектерінің қорытынды мемлекеттік аттестацияны тапсыруы мен дайындығы туралы ата-аналарды таныстыру. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша бөлім меңгерушісі Ескебекова З.С. студенттердің мемлекеттік аттестацияны тапсыруға дайындықтары, кәсіби практикаларын өту барысы және оқу үлгерімдері туралы жалпы мәлімет берді. Жиналысқа топ кураторлары және әдістемелік жетекшілер қатысты. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша оқу бөлімінің меңгерушісі, білімді және дағдыларды бағалау бойынша жауапты маман Бибосынова С.Г. 2024-2025 оқу жылы түлектерінің қорытынды мемлекеттік аттестацияны тапсырудың ережелері, талаптары және қайта тапсыру туралы ақпаратты, сондай-ақ студенттердің дайындығы туралы мәселелерді айтып өтті. Тәрбие жұмысының меңгерушісі Айдабосынова Ж.Н. жалпы студенттердің «Диплом тапсыру» рәсімі туралы мәлімет берді. Әр топ кураторлары ата-аналарды әр студенттің өзін-өзі бағалау тестінен (самооценка) алған бағаларымен таныстырып, әр студентке жеке-жеке тоқталып өтті.