2025 жылдың 4–5 сәуірде Алматы қаласы ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығының Ұлттық госпиталі» базасында «Мейіргер ісін дамыту перспективалары: инновациялар, білім беру жəне тəжірибе» тақырыбында өткен Халықаралық ғылыми-тəжірибелік конференция жоғары деңгейде өтті. Халықаралық ғылыми-тəжірибелік конференция 3 секцияға бөлінді және 50 ден астам қызықты, өзекті тақырыпта баяндамалар жасалды. Халықаралық ғылыми-тəжірибелік конференция жұмысын Алматы қаласы әкімінің орынбасары Нүсіпова Әсем Бекқызы бастап, шақырылған қонақтар өз ойларымен бөлісті. Мысалы:
– Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысы Ақанова Әсия Айқанқызы,
-ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Ғылым және адам ресурстары департаментінің бас сарапшысы Наурызбаева Айнагул Серикбаевна,
– «ҚР медициналық колледждер одағы» ЗТБ Басқарма төрағасы, «РЖМК» ЖШС бас директоры Рузденова Найля Бексаутовна,
– «С.Ж.Асфендияров атындағы ҚҰМУ» КЕАҚ МІ кафедра меңгерушісі м.а. Сейдуманов Султан Турарович,
– «Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығының Ұлттық госпиталі» ШЖҚ РМК директоры Бралов Асхат Зинешович,
– «Білім беруді, денсаулық сақтауды сапамен қамтамасыздандыру және аккредиттеудің Еуразиялық орталығы» КЕМ (ЕСА) бас директоры Сарсенбаева Сауле Сергазиевна,
– «Меграбян медициналық колледжі» директорының орынбасары А.К.Микаелян, Ереван қ., Армения;
– «Гомель мемлекеттік медициналық колледжі» директоры М.Н.Змушко, Гомель қ., Беларусь;
– «Республикалық медициналық колледжі» МБМ Морфология кафедрасы ассистенті В.В.Шарипова Тәжікстан;
– «А. Молдогазиев атындағы Бішкек медициналық колледжі» директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.О.Байдалиева, Қырғызстан;
– Санторо клиникасының неанотология бөлімінің аға мейіргері А.Д.Кравчук, Литва;
-«Курган базалық медициналық колледжі» МБКББМ біліктілікті арттыру және қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының басшысы А.В.Буравцова, Ресей;
– Қазақстандық травматологтар, ортопедтер қауымдастығы, медициналық мекемелер мейіргерлері, медициналық колледждерден келген қонақтар.
Аталмыш конференцияға «Жамбыл жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ КМК директорының оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Куанышбекова Ляззат Тураровна қатысып Сертификатқа ие болды.
Халықаралық ғылыми-тəжірибелік конференциямен қатар Алматы қаласы ҚДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК ұйымдастыруымен колледждің симуляциялық орталығында операциялық мейіргерлерге арналған «Сынықтарды емдеудің заманауи принциптері. Травматология мен ортопедиядағы операциялық мейіргердің негізгі білімі мен дағдылары» тақырыбында Ресей травматологтары мен ортопедтерінің қатысуымен Мастер –класс жоғары деңгейде өтті.
«Білім беруді, денсаулық сақтауды сапамен қамтамасыздандыру және аккредиттеудің Еуразиялық орталығы» КЕМ (ЕСА) ұйымдастыруымен «Қосымша және бейресми білім беруді (үздіксіз кәсіптік даму) институционалдық аккредиттеу стандарттарына сәйкестігін сараптамалық бағалау: Сарапшылардың (оқытушы, жұмыс беруші, студент) рөлі мен құзыреттері (3 сағат)» тақырыбында колледж базасында семинар өткізілді. Семинарда орталықтың бас директоры Сарсенбаева Сауле Сергазиевна баяндама жасап, «Жамбыл жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ КМК директорының оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Куанышбекова Ляззат Тураровна сарапшы Сертификатын иеленді.
Іс-шараны колледж директоры Жумахан Мукашович Молдакулов қорытындылап, барлық қатысушылар мен қонақтарға алғыс білдірді.