10.03.2025 ж. күні Жамбыл жоғары медициналық колледжінде №3 арнайы пәндер циклдық әдістемелік комиссиясының оқытушыларының ұйымдастыруымен «Мейіргер-мәртебелі мамандық» тақырыбында апталықтың ашылуы өткізілді. Апталықтың мақсаты: заман талабына сай жан-жақты дамыған маман иесі болуға, Қазақстанның болашағына үлесін қосатын білімді де ізденімпаз, денсаулық сақтауда мейіргер ісін заман талабына сай жан-жақты дамытатын жетік маман ретінде тәрбиелеу.
Апталықтың міндеттері: Өз мамандығын жетік меңгерген, үнемі кәсіби шыңдалуға дайын аса өнегелі және жоғары интеллектуалды шығармашыл тұлғаны қалыптастыру.
Білім беру нарығында бәсекеге қабілеттілікті дамыту; заманауи педагогикалық және ақпараттық технологияларды қолдана отырып білім беру үрдісін жетілдіру; заманауи білімі бар, практикалық, коммуникативтік дағдыларға ие және командада жұмыс істей алатын білікті мамандар дайындау.
«Мейіргер ісі» мамандығының беделін арттыруға ықпал ету.