23.11.2024 ж. күні Жамбыл жоғары медициналық колледжінде тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен отбасындағы ыңтымақтастықты, береке бірлікті қолдау мақсатында «Мейірімі мол жандар!» тақырыбында қамқоршы-қорғаншылармен және студенттермен бірлескен дөңгелек үстел өткізілді.
Кездесуде қамқоршы-қорғаншылар мен ата-аналардың балаға дұрыс қарым-қатынас жасауы, балаға дұрыс жол сілтеуі, отбасында жақсы психологиялық ахуалды сақтай білудің жолдары көрсетіліп кеңес берілді. Сонымен қатар дөңгелек үстел басында құқық бұзушылықтың алдын-алу, зорлық-зомбылықтан қорғау, түнгі жүріс және жаман әдеттерден бойын аулақ ұстауға арналған психологиялық тренингтер жүргізіліп, презентация, бейнефильмдер көрсетілді.
Қамқоршы-қорғаншылар мен ата-аналарға ақ дастархан жаюмен, сыйлықтар таратумен аяқталды.
Жауапты: әлеуметтік педагог Буксукбаева А.А.