Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың қолдауымен және Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің 2018 жылғы «Балалық шақ мекені» ұранымен және Нұр Отан партиясының ұйымдастыруымен «Мектепке жол» атты қайырымдылық акциясы аясында әлеуметтік аз қамтамасыз етілген, көпбалалы жанұя балалары мен жетім және мүгедек балаларға қамқорлық жасап, олардың мектепке баруына көмек көрсету мақсатында Жамбыл медициналық колледжі және «Алау» бастауыш партия ұйымы ат салысып, №52 және №27 орта мектеп оқушыларына қаржылай көмек көрсетті.
Оқушылардың әлеуметтік жағдайларын, тұрмысын ескере отырып, мектепке дайындық кезінде толықтырылмай қалған кейбір оқушы заттарын: кеңсе тауарларын, спорттық киімдерін, аяқ-киімдерін, сөмкелерін, жейделерін, шұлық және іш киімдерін алып берді.