21.12.2022 ж. күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Илебаев Лесбек Куралбаевич Жамбыл жоғары медициналық колледжі студенттерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында «Мемлекеттік қызмет және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» тақырыбында әңгімелеп, қазіргі таңдағы мемлекеттік қызметкерлердің халыққа қызмет көрсету жүйесінің сапасы мен оны арттыру жолдары туралы түсіндіріп өтті. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып толыққанды жауап алды.