Меморандум

Бөлісу

19.05.2023 жыл Қазақстан Республикасы Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының «Жамбыл жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ КМК, м.а. директоры Сарыбекова Ж.Н және Өзбекстан Республикасы Абу Али ибн Сино атындағы Хатырчин қоғамдық денсаулық сақтау техникумы директоры У.С. Туракулов, Өзбекстан Республикасының Зарафшан медициналық колледжі директоры Н.Х. Сатторов, Өзбекстан Республикасы Абу Али ибн Сина атындағы Пахтачийск қоғамдық денсаулық сақтау техникумы директоры Э.О.Нурбаев, Жарғы негізінде әрекет ететін, бұдан әрі «Тараптар» арасында тиімді ынтымақтастық орнату мақсатында Меморандум жасасты. Осы Меморандум шеңберінде білім сапасын қамтамасыз ету, заманауи еңбек нарығында сұранысқа ие бәсекеге қабілетті мамандар даярлау және бірлескен білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру мақсатында Тараптар Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады және теңдік, ашықтық, тұтастық қағидаттарында өзара іс-қимыл жасайды.